Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай 80 том кітап шығады

Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуын атап өту бойынша басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев хабарлады.

 Аталған облыстық басқарма басшысы жоспарға сәйкес облыстың мерейтойына орай «Баласағұн» орталық концерт залының алдында К.Әзірбаев ескерткішін ашу, өңірден шыққан өнер жұлдыздарының концертін ұйымдастыру, А.Тоқпановтың ескерткішін ашу, облыстық қазақ драма театрында Б.Бекжановтың «Айша бибі» тарихи драмасының қойылымын сахналау, жаңадан ашылатын көркемсурет галереясында қылқалам шеберлерінің көрмесін өткізу және Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің жанынан жұлдыздар аллеясын ашу көзделіп отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен «Тараз мұралары» атты облыстың көптомдығын шығару ісі қолға алынған болатын. Ал, биыл облыстың сексен жылдығына орай көптомдықтың алғашқы 80 томын шығару көзделуде екен. «Қазіргі таңда облыстың тарихы мен шығармашылығына арналған 80 том кітаптың материалдары әзірленді. Оның 21 томы өңір тарихына арналып, 59 томы халық шығармашылығы бағытында жарық көрмек. Жинақталған материалдардың сапасы, мәтіні, мұқабасы, жазылу стилі, сөйлемнің құрылуы сарапшылар тобымен тексеріліп, 80 том толығымен «7Su-Company» баспасына жіберілді. Баспа өз тарапынан баспаға дейінгі түзету жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнге 29 том кітап басылып жатыр», -деді басқарма басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close