Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жолдау жүктеген міндет ауқымды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының үшінші «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бөлімінде жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың бүгінгі таңда аса өзекті мәселе болып отырғанын көрсете келе, Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға алдағы он жылдың бедерінде суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын.

Осы ретте Жолдау жүктеген міндеттердің өңірде орындалу барысы, жалпы жер қатынастары саласындағы жұмыстың жай-жапсары туралы айтар болсақ, ағымдағы жылдың басына қарай аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің есебінде тұрған аудан жерінің жалпы көлемі 413 698 га, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 213 152 га, мұның егістігі 97 315 га, суармалысы 8 708 га және жайылымы мен шабындығы 112 580 га құрады. Одан бөлек, жер санаттарына қарай елді мекендерде 32 551 га, өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсаттарға 2 826 га, орман қоры жерлеріне 103 905 га, ерекше қорғалатын аймақтардың жерлеріне 10 628 га, су қорының жерлеріне 11 120 га, босалқы жерлерге 38 062 га жер тиесілі.
Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізіп жатқан 2 518 шаруа қожалығының жер көлемі 182 655,0 га, соның ішінде егістігі 88 545,0 га, төрт өндірістік кооперативтің жер көлемі 12 566,0 га, 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, екі ауылдық тұтыну кооперативінің және екі әртүрлі тұлғаның жер көлемі 17 931,0 га, соның ішінде егістігі 6 975,0 га құрайды.
Бөлім бүгінде заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 16 түрінен қызмет көрсетеді. Соның ішінде жыл басынан бері азаматтардан «Жер телімін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызмет көрсету стандарты бойынша 601 өтініш, «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызмет стандарты бойынша алты өтініш, «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» қызмет стандарты бойынша 13 өтініш, осы қызметтерді көрсету бойынша жалпы 620 өтініш түсіп, толығымен қанағаттандырылды.

Талғат Қырғызбаев, Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close