Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономика

Өндіріс саласында ілгерілеушілік бар

Тараз қаласының биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне зер салсақ, өнеркәсіп саласында бірқатар жұмыстар атқарылғанына көз жеткіземіз.

Мәселен, химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады десек, бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 94 миллиард 931,8 миллион теңгенің өнімін өндірген немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 миллиард 157,2 миллион теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады.

         Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 миллион 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ: майда таратылған фосфор 41,3 мың тонна, сары фосфор  7,9 мың тоннаға, аммофос 50,8 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 2,9 мың тоннаға,  фосфор қышқылы 3,3 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 6,5 мың тоннаға кеміген, фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған. Ал, күкірт қышқылын 2018 жылы өндірмесе ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 108,7 мың тонна өндірген.

         Тамақ өнеркәсібі саласындағы «Орта азиялық қант корпорациясы»   АҚ-ы – есепті кезеңде 22 миллиард 890,1 миллион теңгеге 124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі 55,5%-ға өсіп отыр.

             Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің  мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8% немесе 4 млрд. 776,1 миллион теңгені құрады. Қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8% немесе 1 миллиард 405,6 миллион теңгені құрады.

             2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық – инновациялық даму  Мемлекеттік   бағдарламасы  аясында,  жалпы құны 35 миллиард 479,6 миллион теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2018 жылдары 20 миллиард 124,5 миллион теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылды. 

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close