Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Халықты тұрғын үймен қамту – өзекті мәселе

 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік корсетілетін қызметы аясында Тараз қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан  берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның  67-бабына сай келесі тізімнен  тұрады. Олар:

     1.Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары –  0

     1-1. Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма  тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1953

     1-2. Көпбалалы отбасы  –   1784

     2. Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер  – 5876  

     3. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 0

     4. Әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар – 8955.

Яғни бүгінгі таңда мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімінде 18568 тіркелген.

          Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға 2019 жылдың мамыр айында 140 пәтер берілді. Оның ішінде көпбалалы отбасылар 65 пәтермен қамтамасыз етілді. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдаудың «Бақытты отбасы» (10% бастапқы жарна, 2% жылдық үстемақы, қайтару мерзімі 19 жыл) кешенді бағдарламасы. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шарттарына сәйкес, мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне «Толық емес отбасы», «көпбалалы отбасы», «мүгедек бала асыраушы отбасы» санаттары бойынша тіркелген азаматтар қатыса алады.

Қазіргі уақытта Тараз қаласы бойынша 941 жолдама берілді. Оның ішінде 351 адамның құжаттары банкке қабылданған. 319 адамның төлем қабілеті расталды, 32 адам қаралымда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап көпбалалы отбасыларға жекешелендіру құқығынсыз 142 пәтер қала аумағынан сатып алынуда және Тараз қаласы, «Қарасу» (5) шағын ауданында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша төрт жатақхананың (жалпы 180 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Ол кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға Заң аясында үлестірілетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close