Басты бетЖаңалықтарҚоғам

29 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қосатанай облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, кей жерлерде Павлодар, түнде кей жерлерде Қостанай облыстарында жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысында түнде жел 15-20, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді. Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қостанай түнде Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close