Басты бетҚоғам

410 гектар суармалы егістік қалпына келтірілді

Бөлім тарапынан ағымдағы жылы 200 гектар суармалы егістікті қалпына келтіру жоспарланған. Бұл мәселе бойынша бірқатар шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты №1 Ақсай және Нұрлыкент ауылдық округіне қарасты №11 Көксай ішкі шаруашылық каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Жалпы аталған ауылдық округтерге қарасты барлығы 410 гектар суармалы егістік қалпына келтірілді.

Өткен жылы «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК аудан аумағында пайдаланылмай жатқан 2002 га жер телімін анықтаған болатын. Ағымдағы жылы ауылдық округтердің әкімдерімен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған жер телімдерінің барлығы нысаналы мақсатында пайдаланылып жатқандығы нақтыланып, тиісті актілер әзірленді.
Аудандық прокуратура тарапынан жалпы көлемі 20 554,88 га болатын 69 жер телімінің пайдаланылмай жатқаны анықталған. Аудан әкімі инспекторының зерделеуімен пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 5 075 га болатын екі жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылған, жалпы көлемі 200 га болатын үш жер пайдаланушыға ескерту берілген, кәсіпкерлік мақсаттағы жалпы көлемі 14,0 га болатын екі жер телімі облыстық жер инспекциясына тексеруге жолданып, инспекция тарапынан ескерту берілген. Қалған 65 жер пайдаланушының жер телімдері игеріліп жатқандығы нақтыланды.
Жыл басынан бері жалпы көлемі 5822,2 га болатын сегіз жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Оның ішінде егістігі 75 га, жайылымы 5747,2 га.
Бүгінде елді мекеннен радиусы 5-7 шақырым аумағындағы жалпы көлемі 120,2 га құрайтын 17 жер пайдаланушы анықталған. Бүгінгі күнге 240 га болатын тоғыз жер пайдаланушының жер телімін пайдалану мерзімдері аяқталған. Мерзімі аяқталған жер телімдерінің мерзімін ұзартпау туралы ауылдық округ әкімдеріне ескертілді.
2019 жылға су қоры жерлеріне, орман қоры жерлеріне, босалқы жер қорына түгендеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге су қоры жерлеріне түгендеу жұмыстары аяқталды. Орман жер қоры бойынша жалпы көлемі дұрыс болғанымен алқап түрлері аудандық орман шаруашылығы мекемесімен сәйкес келмеуде. Босалқы жер қорын түгендеу облыстық деңгейде әлі басталған жоқ.

Талғат Қырғызбаев, Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close