Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

«7-20-25» бағдарламасы жүзеге асуда

Таразда «7-20-25» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, «7-20-25» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» акционерлік қоғамының «Арай-2» мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі 6 үйден қалған 102 пәтер  және Сүлеймен көшесінің соңындағы, 15 мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі 9 үйден қалған 295 пәтерді сатылымға ұсыну үшін екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің кестесі бекітіліп, 2018 жылғы 19 қарашадан бастап арнайы жұмыс орны болып белгіленген Қойгелді көшесі, №173 мекенжайдағы «Тараз ӘКК ҰҚ АҚ» ғимаратында түсіндірме жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге кеңес алуға келушілердің саны  – 1499 болса, 1038  азаматқа түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, 461 азаматқа банкке жолдама берілген. Оның ішінде 164 азамат «Арай-2» мөлтек ауданына, 297  азамат 15 мөлтек ауданына жолдама берілді. Қазіргі таңда  20 азаматқа банкке жолдама берілді, оның ішінде: «Арай-2» мөлтек ауданы бойынша 4- азамат, 15 мөлтек ауданы бойынша – 16 азамат. Қазіргі уақытта «Арай-2» мөлтек ауданы бойынша 55 азаматтың төлем қабілеті расталып, сатып-алу келісімшарты берілді, оның ішінде 2018 жылы 9 азамат, 2019 жылы 46 азамат. 55 азамат бойынша, «Банк Центр Кредит» АҚ-н-38  азамат,  8 азамат «ДБ АО Сбербанк», «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ-ң- 5 азамат,  4  азамат «АТФ Банк» АҚ. 53 азамат бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне   485 878 400 теңге түсті. Қалған  2   азаматтың төлем тапсырмасы алдағы уакытта мемлекеттік бюджет кірісіне түседі. 15 мөлтек ауданы бойынша 122 азамат, оның ішінде 73 азамат «Банк Центр Кредит» АҚ, 13 азамат «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,  1 азамат «Forte Bank» АҚ, 33 азамат «ДБ АО Сбербанк» арқылы төлем қабілеті расталды, 1 азамат «АТФ Банк» АҚ, АО «JýsanBank-1. 112  азамат бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне  729 696 080 тенге түсті. Қалған  10   азаматтың төлем тапсырмасы алдағы уакытта мемлекеттік бюджет кірісіне түседі.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға 2019 жылдың мамыр айында 140 пәтер берілген. Оның ішінде көпбалалы отбасылар 65 пәтермен қамтамасыз етілді. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдаудың «Бақытты отбасы» (10% бастапқы жарна, 2% жылдық үстемақы, қайтару мерзімі 19 жыл) кешенді бағдарламасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шарттарына сәйкес, мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне «Толық емес отбасы», «көпбалалы отбасы», «мүгедек бала асыраушы отбасы» санаттары бойынша тіркелген азаматтар қатыса алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close