Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Талас ауданында көпбалалы ана баспаналы болды

Жуырда Талас ауданында көпбалалы ана баспаналы болды. Бұл Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиевтің бастамасымен көпбалалы аналарды демеушілердің көмегімен баспанамен қамту мақсатында жүзеге асқан игілікті шаралардың бастамасы ғана.

Бұл жолы қайырлы істі «Talas investments company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ерлан Нұрханов пен ұжымдастары қолдап, 6 бала тәрбиелеп отырған Салтанат Қалдарбекованың отбасына Үшарал ауылы, Ештайбек Шөмішбайұлы көшесінен үй сыйлады.

Қуанышқа кенелген көпбалалы отбасы да сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға алғысын білдіруде.

Мәлімет үшін айта кеткеніміз жөн болар, демеушілік танытқан «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауыты қазіргі таңда Қазақстан бойынша натрий цианиді сияқты бірегей инновациялық өнім шығаратын және аталмыш өнімді импорттауға қабілетті тұңғыш әрі теңдессіз нысан болып саналады. Бүгінде натрий цианидін өндіру компанияның белгіленген жоспарына сәйкес, өндірістік қуаттылығына шығып келеді. Сонымен қатар дайын инновациялық өнім «Алтыналмас», «Варваринское», «ГМК Казахалтын» акционерлік қоғамдары, «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 20-дан астам алтын өндіруші компанияларға жөнелтілуде. Жалпы алғанда шикізаттың 80 пайызы еліміздің өзге қалаларынан жеткізеді.Бұдан бөлек өнім қосымша Ресей, Тәжікстан, Қырғызстанға экспортталуда. Ал, минералды тыңайтқыштарды Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының шаруалары тұтынуда. Осылайша, баршаға белгілі, Қаратау қаласының тарихы химия индустриясының дамуымен тығыз байланысты екен. Мұнда саладағы техникалық мамандар шоғыры қалыптасып, ертеректе теміржол желісі тартылған. Мұнда шикізат беруден бастап дайын өнім шығарғанға дейінгі технологиялық процесс толықтай автоматтандырылған. Әрі өндіріс технологиясы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close