Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіп

«Қазақстанның үздік тауары-2019»: Талас ауданындағы кәсіпорын финалдық кезеңге жолдама алды

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы Талас ауданы «Talas Investment Company» ЖШС республика бойынша үздік 27 кәсіпорынның қатарына кірді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Бүгінде 27 финалист арасында келесі номинациялар бойынша онлайн-дауыс беру жүріп жатыр. Атап айтқанда,«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

Онлайн-дауыс беру 15 мен 25 қазан аралығында 10 күнтізбелік күн ішінде өткізіледі. Әр адам әр номинация бойынша үш финалиске дауыс бере алады. Байқаудың ұйымдастырушысы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Байқаудың негізгі мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару және халық арасында сапа идеясын көпшілікке тарату.

Жалпы, байқау 4 кезеңмен өткізілуде. 1-кезеңде өңірлерде 153 компания-өңірлік байқау жеңімпаздары анықталып (17 өңірден 9 кәсіпорыннан), кейіннен дәл осы компаниялар 2019 жылдың 11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласы, «Көрме» орталығында өткен жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысты. 2-кезеңде республикалық көрменің нәтижесін ескере отырып, үш номинация бойынша 27 финалист анықталды. Байқаудың өткізілу Қағидаларына сәйкес 3-кезеңде 27 финалист www.altynsapa.kz ресми сайтында онлайн-дауыс беруге қатысады. 4-кезеңде 27 финалисттің сараптамалық бағалары мен онлайн-дауыс беру нәтижелері басқа материалдармен қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Комиссияның қаралымына ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-дауыс беру 25 қазанға дейін ғана жүргізіледі. Сол себепті, қапы қалмаңыз, онлайн-дауыс беруге қатысып, финалға шыққан отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырамыз. Ол үшін https://golos.altynsapa.kz/login сілтемесі бойынша altynsapa.kz. сайтына кіріп, онлайн-дауыс беру батырмасын басу арқылы тіркеліп, «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне дауыс беріңіз. Дауыс берудің басты шарты – әр номинацияда 3 кәсіпорынға дауыс беру. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close