Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Талас ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар.

Жалпы, биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша алынған ақпаратқа сүйенсек, ұзындығы 12 шақырымды құрайтын «Ақкөл-Ойық-Ұлаңбел» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 305 миллион 952 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ, ұзындығы 19,62 шақырымнан тұратын «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, ауыспалы нысанның орташа жөндеу жұмыстарын «Арайстроймаркет-2003» ЖШС жүргізуде. Келісімшарт сомасы 286 миллион 482 мың теңге. Бұдан бөлек 10 шақырымнан аса «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 195 миллион 480 мың теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Осылайша, бұл бағытта аудан аумағында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, Талас ауданындағы облыстық маңызы бар 299,6 шақырым автомобиль жолдарын ағымды жөндеу жұмыстарына 81 миллион 393 мың теңге бөлініп, оның ішінде30 шақырым болатын «Ақкөл-Қойгелды», 107 шақырымды құрайтын «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент», барлығы 137 шақырым автомобиль жолын ағымды жөндеу жұмыстарына 32 миллион 867 мың теңге бөлінген. 122,5шақырымдық «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент», 9,5 шақырымдық «Ақкөл-Үшарал-Тоғызкент», барлығы 132шақырым автомобиль жолын ағымды жөндеу жұмыстарына 15 миллион 403 мың теңге бөлінген. 105 шақырымды құрайтын «Ақкөл-Ойық-Ұлаңбел», 49,5 шақырымнан тұратын «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық», барлығы 154,5 шақырым автомобиль жолын ағымды жөндеу жұмыстарына 33 миллион 123 мың теңге бөлінген. Бүгінгі күні ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 53 шақырым «Ақкөл-Үшарал»автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 976 миллион теңге бөлінген. Аталмыш нысан ауыспалы. Бұл облыстық маңызы бар жолдар. Ал аудандық мәндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына келер болсақ, бұл бағытта да ауыз толтырып айтар жаңалықтар баршылық. Мәселен, 32 шақырым аудандық маңызы бар «Ақкөл-Талапты» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 472 миллион 284 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қасқабұлақ ауылына кіреберіс» 12 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 134 миллион 825 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close