Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда автопарк 100 автобуспен жаңартылады

Таразда қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асып келеді. 2018 жылы қала автопарктері 71 жаңа автобуспен жаңартылған болса, ағымдағы жылдың соңына дейін 100 автобуспен немесе 21%-ға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Бүгінде қала ішінде жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктердің саны – 670. Оның 465-і күнделікті қызмет көрсетеді. Дизельді автобустар саны 427 болса, бензинмен жүретіні 77. Ал 246 автобус көгілдір отынмен жүру үшін жабдықталған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close