Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Талас ауданында «Елдік елге байланысты» форумы өтті

Жуырда Қаратау қаласында аудан әкімінің қатысуымен «Елдік елге байланысты» аудандық форумы өтті. Алқалы жиын бұдан біршама уақыт бұрын облыс әкімінің қатысуымен «Баласағұн» орталық концерт залында ұйымдастырылған қоғамдық форумның аудандардағы жалғасы.

Шараны Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова жүргізді. Форумда шығып сөйлеушілер өз тақырыптарын ашып, ойларын ортаға салды. Алғаш болып сөз алған аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық «Талас тынысы» газетінің бас редакторы Дүйсен Молдақұлов «Бірлігіміз – басымыздағы бағымыз» атты тақырыпта баяндама жасады. «Жаһандануға қарсы тұратын құралымыз елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы» деп өз баяндамасын қорытындылады. Келесі сөз кезегі аудандық орталық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Әлиевке берілді. Бас имам «Діни жоралғыларды жасауда ысырапшылдыққа жол бермеу» жайында ой айтты. Келесі Д.Қонаев атындағы орта мектебінің ұстазы Сәуле Түменбаева «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты тақырыбында жасаған баяндамасында «Отбасылық құндылықтар – ұлттық рухани құндылықтардың негізі» деп, «бала тәрбиесіне – аса жауапкершілікпен қарап, назардан тыс қалдырмаған жөн» екендігін атап өтті. Форумда модератор болған Талас ауданының Құрметті Азаматы Үміт Қыранқызы Битеноваға сөз кезегі беріліп, «Той өткізу мәдениеті» тақырыбында ой қозғады. «Дәстүр мен жаңашылдық жасампаздығы және жастар бастамашылдығы» тақырыбы аясында Аудандық мемлекеттік мұрағаттың басшысы Алмас Мухтаровқа келесі болып баяндама жасады. Білім саласының ардагері Флюра Ахматовна Малыхина жоғарыда көтерілген мәселені қолдады.

Басқосу барысында көтерілген мәселелер бойынша пікір білдірген аудан әкімі Досмаханбет Алиев мұндай тағылымды шаралардың ұлт үшін де, ұрпақ үшін де маңыздылығын айтты. Жиынды қорытындылаған Үміт Қыранқызы көпшілікке «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумының Үндеуін таныстырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close