Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Таласта «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясы өтті

Жуырда «Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалының бастамасымен №2 Қаратау колледжінде «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі болып өтті.

Акция барысында партия аудандық филиалына қарасты «Болашақ» БПҰ-ның төрағасы Манап Жарылқапов және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуат Қынаша студенттерді туған жерді, Отанды сүюге, Мемлекеттік рәміздерді, ана тілімізді құрметтеуге шақырды. Жалпы, бұл патриоттық акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік тудың маңызын насихаттап, жастарды отансүйгіштікке баулу болып табылады.

Сондай-ақ, Талас ауданындағы Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде
«Менің туым – менің Отаным» акциясы жалғасын тапты. Бұл жолғы шара барысында аудандық мәслихат депутаты, колледж директоры Докторбек Маселбеков аталмыш акция Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, студенттердің патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Патриоттық акцияны студенттер жылы қабылдап, Мәңгілік еліміздің Қасиетті Көк Байрағы көкте мәңгі желбіресін деген ұранмен тарқасты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мем­ле­кет­тік рәміздерін қабылдау про­цесіне Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қосқан үлесі орасан зор. Ел­басының тікелей жетекшілі­гі­мен 1992 жылы жаңа мем­­ле­кет­тік нышандарды даяр­­­лау бойынша жұмыс то­бы құ­рыл­­ды. Сол уақыттан бас­тап елі­міз­­дің мемлекеттік рәміз­дері Қазақстан­ның та­быст­ы дамуының бел­гі­леріне ай­налды. Ал үстіміздегі жылдың 13 қазанында Алматы қаласының «Медеу» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Ұлттық баскетбол федерациясының бастамасымен «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен «Nur Otan» партиясының «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік ту салтанатты түрде жоғары көтерілген болатын. Бүгінде бұл акция республика көлемінде жалғасын тауып, жергілікті жерлер де оған үлес қосуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close