Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Тараз қаласының әкімі тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстармен таныстырды

Қала әкімі Қайрат Досаев «Шалғай Қарасу» ауданының тұрғындарымен тағы кездесті. Аумақтың тұрғындарын маусым айындағы кездесудің хаттамасының әрбір тармағы бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті.

Бірінші: 600 орындық мектептің құрылысының бастапқы сметалық құны 2,2 миллиард теңгені құрағандықтан, кері қайтарылған. Смета құны қайта қарастырылып, 1731,0 миллион теңгені құрады. Бүгінгі күнде жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде (мерзімі 45 жұмыс күн). Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қаржы бөлуге ұсынылатын болады.
Екінші: «Шалғай Қарасу» 1,2,3,4,5,6,7 алқаптарын электрмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жоба сараптамадан өткізуге берілген. Сараптама қорытындысы дайын болған соң 2020 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Үшінші: Балабақша мәселесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілуі тиіс. Тұрғындар арасынан балабақша соғуға тілек білдіргендер болса, әкімдік тарапынан барлық көмектер көрсетілетіні айтылды.
Өз кезегінде жылдар бойы қордаланған мәселелерінің шешіле бастағанына көз жеткізген тұрғындар қала әкіміне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close