Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғамӘлеумет

Kaspi Gold арқылы ақша аударуға тыйым салына ма?

Кәсіпкерлер салық төлемеу үшін тауар мен қызмет ақысын ақшасыз аударымдар арқылы алады. Бұл тұрғындар үшін де ыңғайлы болып отыр.

Қазақстанның қаржы министрлігі Kaspi банкпен бірлесе отырып, қолма-қол ақшасыз аударым жасау тәсілін заңдастыру жолын қарастырып жатыр.

Қазақстандықтар  карта тіркелген телефон нөмірі арқылы комиссиясыз аударым жасайды. Алайда қазір бұл тәсіл тек жеке мақсатқа ғана емес, такси, азық-түлік, шаштараз, көлік жуу сынды қызметке төлем жасау үшін де қолданылады.

«Қазіргі уақытта Kaspi Gold төлем жасаудың ең жиі қолданылатын түрі. Төлем жүйесі тұрғысынан алсақ, барлық талапқа сай. Ал салық заңнамасының талабына сай емес. Біз бұл механизмге тыйым саламыз деп ойладық. Бірақ бұл шешім ел экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін», – деді Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев жұма күні өткен брифингте.

4 қараша күні вице-министр тағы бір мәлімдеме жасады. Ол картадан картаға аударым жасау қазіргі уақытта ең ыңғайлы жүйе екенін атап өтті.

«Мұндай қарапайым тәсіл қолма-қол ақшасыз төлем үлесінің өсімін қамтамасыз етті. Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, биыл өткен жылмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз төлем саны 2,1 есе, ал көлемі 92,6%-ке артты. Алайда қаржы министрлігі бұл ақшаның салық айналымынан тыс өткеніне алаңдаушылық білдірді.

«Бұл механизм, ең алдымен, тұтынушылар үшін ыңғайлы. Сондықтан мұндай механизмге толықтай тыйым салмаймыз. Алайда кәсіпкерлер чек бермей, салықтан жалтарады. Бұл тұтынушының да құқығын бұзады», – деді шенеунік. Осыған байланысты қаржы министрлігі мен Kaspi.kz бірлескен жұмыс бағдарламасын әзірлеп жатыр. Жақын арада P2P (клиенттен клиентке) төлемдерін алмастыратын ыңғайлы тәсіл жасалады. Ол тегін қолданысқа беріледі», – деді Руслан Еңсебаев. Ведомство өкілі бизнеске түсетін жүктеменің төмендетілгенін атап өтті.

Дереккөз: Sputniknews.kz.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close