Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономика

Таласта өнеркәсіп өнімі артып келеді

Талас ауданында жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 33 миллиард 192 миллион 800 мың теңгені құрап, 125,6%-ға орындалды, яғни 6 миллиард 766 миллион теңгеге артық орындалды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша алынған мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Өнеркәсіп өнімдері 18 миллиард 67 миллион 100 мың теңгеге өндіріліп, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 4 миллиард 890 миллион 800 мың теңгеге артық немесе 137,1%-ға орындалған.

Инвестицияға келер болсақ, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 9 миллиард 616 миллион 200 мың теңгені құрап, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 102,9%-ға немесе 267 миллион 300 мың теңгеге артық орындалды. Кәсіпкерлікке тоқталып өтсек, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2429  субъектісі тіркелген болса, олардың 153-і шағын кәсіпорын, 1451-і жеке кәсіпкер және 825-і шаруа қожалықтар. Осы тіркелген субъектілердің 2045-і немесе 84,2 пайызы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 9 айында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 115 миллион 900 мың тенгеге 27 жоба қаржыландырылды. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы арқылы 15,3 миллион тенгенің кепілдігі берілді. Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының 20,0 миллион теңге бөлінді. Облыстан биылғы жастар жылына орай грантқа 303,0 миллион тенге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар жасалуда. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша несие алушылардың тізімі ауылшаруашылық қаржы институттарына 229,0 миллион теңгенің 52 жобасы жолданды.

Бұдан бөлек 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына бөлшек сауда тауар айналымы 1 миллиард 298 миллион 500 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 112,6%-ға немесе 144 миллион 900 мың теңгеге ұлғайды. Міне, осылайша Талас ауданында бұл салада біршама оңды өзгерістер болып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close