Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Темекі түтіні баланың көзіне әсер етеді

Шылым шегу қан тамырлары шоғырланған көз қабығының жұқаруына әкеледі, деп хабарлайды 24.kz.

Темекі түтіні балалардың көру органдарының қызметіне кері әсерін тигізіп, өсе келе айығуы қиын түрлі ауруларға душар етуі мүмкін. Мұндай байламды Қытай университетінің ғалымдары көпжылдық зерттеуден кейін жасап отыр. Зерттеудің қорытындысы JAMA Ophthalmology журналында жарияланған.

Әлемде балалардың кем дегенде 40% темекі түтінін иіскейді.  – дейді жұмыс тобының мүшесі Джейсон Ям. Ғалымдар 6-8 жас аралығындағы 1400 балаға сынақ жүргізген. Арнайы құрылғы арқылы қатысушылардың жанарындағы торқабықтың қалыңдығын өлшеді. Нәтижесінде темекі түтінімен дем алған баланың торқабығының қалыңдығы орташа есеппен 6-8 микрометрге жұқа екені белгілі болды. Сондықтан, жоба авторлары шылым шегерде балаларды аулақ ұстау керек екенін ескертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close