Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет
Шу қаласында пешке от жағамын деп күйіп қалған ерлі-зайыптылар ауруханаға түсті

Кеше Жамбыл облысының Шу қаласында ерлі-зайыптылар күйік шалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«Кеше 10 қараша кешкі 22.30-да Шу қаласындағы жеке үйде пешке солярка жағып жатқанда үй иелері күйіп қалды. 1981 жылы туған ер адам мен 1983 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды» делінген хабарламада. Куәгерлердің айтуынша, олар мас болған.