Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жуалыда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Жуалы ауданында 654 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Жұмыссыздық деңгейі 2,2 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде 787 адам немесе 2,7 пайыз болған. Яғни, жұмыссыздық деңгейі төмендеді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысына сүйеніп.

2019 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша ауданда жалпы 2759 азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған. Есепті мерзімде 1941 адам өтініш білдіргенімен, жұмыспен қамту шараларына барлығы 2214 адам тартылып,  114 пайызды құраған. Олардың ішінде 1008 адам – тұрақты жұмыс орындарына, 356-сы қоғамдық жұмыстарға, 183-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 285-і жастар практикасына, 205-і қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 101-і бастау-бизнеске, 76 адам несие алуға жолданды. Сондай-ақ, 2019 жылға мүмкіндігі шектеулі 49 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 9 айда 42 мүгедек жұмыспен қамту шараларына тартылды. Аталған кешенді жоспардың іс-шаралары: қоғамдық жұмыстарға 120349,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 32326,0 мың теңге, жастар практикасына 79538,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 39885,0 мың теңге бөлініп, жоспар бойынша қаржысы игерілуде.  Атаулы әлеуметтік көмек заңына өзгерістер енуіне сәйкес және күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан 70 пайызға көтерілуіне байланысты 2500 отбасындағы 12828 адамын 1-сәуірден бастап қамту жоспарланды. Жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген 2501 отбасының 12481 адамына 1 336574,9 мың теңге көмек тағайындалып төленді. Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша 9 айда 347 отбасының өтініші рәсімделіп, 6499,8 мың теңге тағайындалып, төленді. Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу қызметі бойынша 9 айда 583 азаматтың өтініші рәсімделіп, 30926,0 мың теңге біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Ал үйде оқытылатын мүгедек балаларға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі бойынша жылдың 9 айында дамуында кемістігі бар 77 балаға жергілікті бюджет есебінен 2393,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып төленді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close