Басты бетЖаңалықтарСпорт

Жуалыда бірнеше «Street Workout» спорт алаңшасы ашылды

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жуалы ауданының әкімі Нарбай Әбілқасымұлы Ергебековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте Нарбай Әбілқасымұлы ауданның 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жуалы ауданы бойынша 2019 жылдың 9 айында 277 спорттық іс-шара өткізілді және осы іс-шараларға 49860 адам қамтылған.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 15790 адамды құрады немесе жалпы халықтан 29,8%.

Кәріқорған, Нұрлыкент, Қарасаз, Қайрат, Көлбастау, Көлтоған және Қошқарата ауылдарында «Street Workout» спорт алаңшалары орнатылды.

Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 2019 жылдың 1 қыркүйегінде 1558 шұғылданушы оқушылар тіркелген. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 15,1 пайызын құрап отыр. 2019 жылдың 1 қазанына Жуалы ауданы бойынша 116 спорт нысаны анықталды. Оның ішінде 1 стадион, 1 спорт кешені, 38 спорт зал, 11 футбол алаңы, 65 спорт алаңшасы  бар. Ағымдағы жылы Кәріқорған, Нұрлыкент, Қарасаз, Қайрат, Көлбастау, Көлтоған және Қошқарата ауылдарында «Street Workout» алаңшалары пайдалануға берілді. Аудан әкімі мен спорт басқармасы арасындағы келісім бойынша 3-тоқсанда Қошқарата, Нұрлыкент, Жетітөбе ауылдық округтерінде аталған алаңшалар салынуы қажет болатын. Сонымен қатар, 2020 жылы облыстық бюджет есебінен 130 000,0 мың теңгеге Б.Момышұлы ауылында Спорт кешенін салу, Кәріқорған ауылындағы спорт залды 62 000,0 мың теңгеге және Қайрат ауылындағы спорт зал 46 000,0 мың теңгеге қайта жаңғыртылады деп күтілуде.

Брифинг барысында аудан әкімі спорт мәселесінен бөлек 2020 жылы іске қосылуы жоспарланған кәсіпорындар, әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, өндіріс көлемі, т.б. көптеген мәселелер туралы толық айтып өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close