Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Жуалы ауданында бірнеше нысан ашылады

Биыл Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Жуалы ауданында бірнеше жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков айтты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Нарбай Әбілқасымұлы брифинг барысында ауданның 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда тұрған міндеттемелері туралы айта келе, Жамбыл облысының 80 жылдығына орай ауданда өтіп жатқан іс-шаралардан бастап, алдағы уақытта ашылуы жоспарланған нысандар туралы жаңалықтармен бөлісті. Мәселен, биыл 5 шілдеде Жамбыл облысының 80 жылдығымен қала жұртшылығын құттықтау мақсатында Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Жуалы ауданы өнерпаздарының «Жамбылым қандай тамаша!» атты мерекелік іс-шарасы өткен болатын. «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысы «Жастар ресурстық орталығы» мекемелері арасында «Жаңарған Жамбылға – 80 жыл» атты спорттық спортакиада ойындары Теріс ауылы, Теріс-Ащыбұлақ демалыс орталығының жағажайында өтті. Бұдан бөлек Жамбыл облысының 80 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер шағын футболдан турнирге қатысуда. Сондай-ақ, ауданда мекемелер арасында шағын футболдан және аудан тұрғындары арасында волейболдан турнир өтті. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ал Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылатын нысандарға келсек, Қ.Қошманбетов атындағы орта мектебіне жапсарлас соғылған спорт залдың, «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабына жүргізілген инфрақұрылым нысандарының, Теріс, Қосбөлтек, Нұрлыкент ауылдарындағы жаңа тұрғын алқабын инженерлік жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарының, Қосболтек, Қарасу, Майбұлақ, Ақтасты ауылдарында 5 келушіге арналған 4 медициналық пункттің ашылуы жоспарланған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close