Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғам

Кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты

Жуырда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров Талас ауданында жұмыс сапарымен болды.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бекіткен алгоритмге сәйкес өткен жұмыс сапары барысында өз саласына жауапты басқармалардың басшыларымен, аудан әкімінің тиісті орынбасары, бөлім басшыларымен бірге бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмысымен танысып шықты.

Алдымен Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты жерде орналасқан жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «WindPowerCity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жай-күйін көрді. Бұл жобаның мақсаты – қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіретін станция құру. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары жылына 300,0 мың тонна цемент өндіретін «ЖамбылНедр» зауытына барып, онда атқарылып жатқан шаруалармен танысты. Ал зауыттан кейін құрама жем өндірумен айналысатын жеке кәсіпкер Е.Ордабековтің цехіне ат басын тіреп, жем тартудың жай-жапсарын, еңбектің өнімділігін сұрады. Сонымен қатар, Нұржан Календеров өзінің жұмыс сапары барысында аудандағы жеке кәсіпкер Н.Байжановтың «Нұр-Дос» атты жиһаз сауда үйіне барып, жиһаз шығару цехының жұмысымен танысты.

Бұл күні, сондай-ақ, Н.Календеров аудандағы кәсіпорындарды аралап, жағдайларымен танысқаннан кейін «Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалында жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, аудан кәсіпкерлерінің ұсыныстарын тындады. Ал облыс әкімінің орынбасары Н.Календеровтің жұмыс сапарының соңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында қорытынды жиналыс өтіп, онда жұмыс сапары барысында анықталған кемшіліктер, оның шешу жолдары айтылды. Жиында сонымен қатар, мерзімі мен басқа да шарттарына сәйкес жауапты мамандарға хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды. Осылайша, алдағы уақытта барлық айтылған ұсыныстар мен нұсқаулардың ескерілуі тиіс екенін ескерткен облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров өзінің жұмыс сапарын қорытындалады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close