Басты бетЖаңалықтарМәдениет

Таластық өнерпаздар халықаралық бәйгеде топ жарды

Ағымдағы жылдың 1-3 қараша күндері «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалі өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Шара барысында фестивалге әр өңірден келіп қатысқан 200-ге жуық өнерпазға және жалпы қатысушы қонақтарға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен басылған «Ұлылар мекені» кітабы сыйға тартылып, шараның өтуіне қолдау білдіргені үшін музей ұжымына құрмет көрсетілді.

Республика көлемінде ұйымдастырылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша өнері мен білімін ортаға салып, бақтарын сынады. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен шараға Жамбыл облысына қарасты Талас ауданының өнерпаздары да қатысып, өнерімен сынға түскен болатын. Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының қызметкерлері Баубек Айдарбеков «Эстрадалық вокал» бойынша, Даулет Агибаев «Хореография» номинациясы бойынша қатысып, көрерменнің көзайымына айналып, қошеметіне бөленді. Осылайша, өнер және білім фестивалінің қорытындысы бойынша Талас ауданының Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының қызметкерлері Баубек Айдарбеков «Эстрадалық вокал» бойынша, Даулет Агибаев «Хореография» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, туған жерге олжалы оралды. Ал жуырда таластық жеңімпаз өнерпаздарды Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиев қабылдап, сый-сыяпаттар ұсынды. Жеңімпаздарды марапатымен құттықтаған аудан басшысы өзінің ізгі тілегі мен жылы лебізін білдіріп, биік белестерді бағындыруларына тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде өнерпаздар да аудан әкіміне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close