Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғамӘлеумет

Газдандыру жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі таңда ауылдарды көгілдір отынмен қамту мәселесі ойдағыдай іске асып келеді. Әсіресе шалғай ауылдар үшін аса маңызды болып отырған бұл мәселе Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиевтің тікелей тапсырмасымен қолға алынып, бүгінде бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылуда.

Негізінен, аудандағы 24 елдімекеннің Қаратау қаласы мен 14 ауылдық елдімекеніне газ құбыры тартылған. Бұл жалпы елдімекен санының 62,5 пайызын құрайды. Жалпы газ құбыры тартылған 14 елдімекеннің ішінде 9 ауылды алатын болсақ, барлығы 1563 үйдің 1554-і газға қосылған, яғни 97 пайызды құрайды. Ал Талас ауданының Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр сынды қалған 5 елдімекеніне газ тарту үшін құбыр салуға 2018 жылы 2 миллиард 344миллион588 мың теңге бөлінген, 2019 жылы 220 миллион 840 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Аталған Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр елдімекендерінде ішкі газ тарату желісінің құрылысына облыстық бюджеттен 100,0 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Барлық жұмыстар 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елдімекеніне газ құбырын жеткізу ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жобаның құны 3 миллард 221миллион 700 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда облыстық энергетика басқармасы арқылы Энергетика Министрлігіне бюджеттік өтінім берілген. Осылайша, Талас ауданында ауылдарды көгілдір отынмен қамту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы, Жамбыл облысын алатын болсақ, ондағы 377 елдімекеннің 181-і газбен қамтылған екен. 2018-2025 жылдары қосымша 173 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады. Бұл туралы осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында айтылған болатын. Әрине, газдандыру мәселесі қаржыны ғана емес, уақытты да қажет ететіні белгілі. Дей тұрғанмен, нәтиже көп күттірмейді деп ойлаймыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close