Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономика

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жалғасуда

Жуалы ауданында 5 шағын микрокредиттік ұйым кәсіпкерлік субъектілеріне несие берумен айналысады. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында осы ұйымдар арқылы барлығы 3473 адамға 2 004 092 миллион теңге несие берілді.

Оның ішінде «KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жуалы ауданындағы бөлімшесі 2402 адамға 1 миллиард 384 миллион 410 мың теңге, «Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС 35 адамға 214 миллион 327 мың теңге, «Азия несие қоры» ЖШС 718 адамға 238 миллион 340 мың теңге, «Арнұр-Кредит» ЖШС микрокредиттік ұйымы 318 адамға 167 миллион 15 мың теңге несие берді. «Жуалы-Рантье» шағын кредиттік ұйымы қаңтар-қыркүйек  айларында ешқандай несие таратқан жоқ, тек қана бұрынғы берілген несиелерді жинақтау жұмысымен айналысуда.

Есепті мерзімге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында 14 ауылдық округте наурыз, сәуір, мамыр айларында 3 рет халықпен кездесу ұйымдастырылып, бағдарламаның ережесі, мақсаттары бойынша кәсіпкерлерге, шаруа қожалық басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде пайыздық ставкасы субсидияланатын  несие алу, кепілдік беру және инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен ұсыныстар (жобалар) сараланып,  нақты 13 жобамен жұмыс жүргізіліп, «Даму» КДҚ-ның қолдауына ие болып, барлығы 252,143 мың теңге несиеге қол жеткізілді.  «Бизнестің жол картасы -2020»  бағдарламасы аясында кепілдік беру бағыты бойынша 5 жоба өтіп, кепілдік сомасы 16,3 миллион теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, 29 жасқа дейінгі жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияға ауданнан 30 жоба ұсынылып, соның ішінде 15 жас кәсіпкер мемлекеттік грантты ұтып алды. Жалпы сомасы 32 500,0 мың теңгені құрады және 36 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close