Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысының барлық мектебі 100% жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған

Бүгінгі күні Жамбыл облысының барлық мектебі 100% жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды (4 мбит/с жоғары). Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Жалпы, облыстағы 10 908 оқу кабинетінің 9068-і (83%) компьютермен жабдықталған. 2019 жылы 1534 оқу кабинетін компьютерлік техникамен жабдықтауға 670,7 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, 58 жаңа модификациялы кабинеттер алынған.
2019-2020 оқу жылында облыста 442 мектеп жұмыс істесе, оның 352-і (80%) ауыл мектептері екен. «Облыс оқушыларының сапалы білім алуына жан-жақты жағдайлар жасалуда. Соңғы 4 жылда облыста 24 мектепке жаңа ғимарат, 6 мектепке қосымша ғимарат соғылып пайдалануға берілсе, оның 25-і ауыл мектептері», – дейді басқарма басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close