Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғамӘлеумет

Қаратау қаласында ауыз су мәселесі 100 пайыз шешілген

Талас ауданындағы 24 964 тұрғыны бар 23 ауылдық елдімекеннің 13-і (18793 адам) мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауыз су жүйесіне қосылса, Қаратау қаласында ауыз су мәселесі 100 пайыз шешілген. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметі туралы айтар болсақ, Талас ауданында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша алынған мәліметке сүйенсек, 12 елдімекендегі 20632 адамның 16760-ы ауыз сумен қамтылған немесе 81%. Жалпы 23 елдімекендегі 25018 адамның 16760-ы немесе 67 пайызы қамтылды.

Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2018 жылға 302 миллион 201 мың теңге бөлінген, 2019 жылы жұмыстарды аяқтауға 303 миллион 359 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сметалық құны 620 миллион 857 мың теңге. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айында. Мердігер «МонолитДизайн-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сонымен қатар, Қасқабұлақ ауылындағы су жүйесінің құрылысына 758 миллион 093 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер «Fortis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысан биыл 31 желтоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұдан бөлек, Майтөбе ауылының су жүйесінің құрылысына 111 миллион 111 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 336 миллион 707 мың теңге. Мердігер  «Пырақ Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы әлеуметтік нысандарға, көпқабатты тұрғын үйлерге ауыз судың сервистік жүйесін қалпына келтіру нысанының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 62 миллион 892 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Осылайша, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстар бойынша алынған ақпаратта сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметі туралы біраз мәлімет келтірілген. Бұл жұмыстардың барлығы аудан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталғанын ескерсек, маңызды шаруалардың қолға алынғаны қуантады. Алдағы уақытта ел игілігін көздеген жұмыстар жалғасын табады деген ойдамыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close