Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Жуалыда жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Биыл Жуалыда аудандық маңызы бар 7,033 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесі 86,8 пайызды құрады. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстар бойынша алынған мәліметтерге сүйене отырып хабарлайды.

Есепті кезеңде Жуалы ауданында төмендегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді:   

1) Аудандық мәндегі «Талапты-Алатау-Застава» – 12,3 шақырым автомобиль жолын орта жөндеу бойынша  жұмысы  2018 жылдан 2019 жылға өтпелі. Жеңімпаз мердігер «ЖамбылДорМостСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі уақытта 1,4 шақырым асфальт төсеу жұмыстар толығымен орындалды.

2) Аудандық мәндегі «Жаңаталап-Күркіресу» – 3,069 шақырым автомобиль жолын орта жөндеу бойынша жеңімпаз мердігер «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі уақытта 3,069 шақырым толық аяқталды.

3) Сонымен қатар, 2,564 шақырым «Шақпақата-Т.Дүйсебайұлы» автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстары толық аяқталды Ұтып алған мердігер «Тараз көлік жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі күнге 1,7 шақырым автомобиль жолына асфальт толық төселді. Қалған 0,864 шақырым 2020 жылға өтпелі.

 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының шеңберінде Жуалы ауданының елдімекендерінің инфрақұрылымдық кешенін жаңғырту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылға Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерге  ұсынылған 25 жобаға қорытынды беріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Осылайша, 2020 жылға Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерден 18 жоба ұсынылды.

Әрине, Жуалы ауданында бұдан басқа да атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Қай саланы алып қарасақ та, нақты нәтижеге бағытталған шаруаны көреміз. Бұл, аудан әкімшілігі мен оған қарасты бөлімдердің және өз ісіне шын берілген мамандардың еңбегі деп түсінеміз.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close