Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массалары республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күннің суытуына себепші болды. Түнгі ауа температурасы -28…-32 градусқа дейін төмендесе, күндіз -18…-23° градус аяз болды. Бұл орташа көпжылдық мәннен 8…13°С-қа төмен. Енді Арктикалық суық ауа ағындары оңтүстік бағытқа қарай ығысады. Соған байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан екпінді жел соғып, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасы төмендейді. Ал, 22-23 қарашада солтүстік облыстарда Батыс Сібірдің солтүстігінен келетін кезекті циклонға байланысты аяздың беті қайтады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close