Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Аудан әкімі азаматтарды қабылдады

Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Соңғы кездері аудан әкімінің жеке қабылдауында коммуналдық шаруашылық, баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер жиі көтеріліп жүр. Қабылдауға алғаш кірген жеке кәсіпкер Жаңыл Маемирова аудан басшысына орталық базар төңірегінде жүргізіліп жатқан оңды өзгерістер туралы жылы лебізін білдіре келе, қазір мұнда сауда орындарының көбейгенін, алайда өзі сауда жасайтын базардың бір шетте, қалтарыста қалып, сатып алушылардың онша келмейтінін, соған байланысты мұнда адам аяғын тартудың бір амалы – жолаушылар көлігі аялдайтын автотұрақты жылдамдатып ашуға ықпал етуін сұрады. Нарбай Әбілқасымұлы кәсіпкердің өтінішін мұқият тыңдап, базар маңында бүгінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, азық-түлік және нан өнімдерінің ашық аспанда сатылуына бұдан былай жол берілмейтінін, жақын арада барлығы ретке келетінін айтып, Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі Көбейсін Хайралаповқа мәселені тезірек реттеуді тапсырды.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына Көкбастау ауылдық округінің Көктөбе ауылынан келген Мұрат Ахметов бес баласы бар екенін, тұрақты жұмысының жоқтығын айтып, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуін өтінді. Қабылдауға қатысып отырған аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сәбитхан Қожанов бұл азаматтың жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органында тіркеуде тұрғанын айтып, оған жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін түсіндірді. Нарбай Әбілқасымұлы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың бір шарасы – қоғамдық ақылы жұмысқа орналасу екенін айта келе, қабылдауға келген Мұрат Ахметовке қоғамдық ақылы жұмысқа орналасуды ұсынды. Ол ұсынысты қуана қабылдады. Осылайша, аудан әкімінің қабылдауында болған барлық азаматтар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, ризалықпен тарқасты.
Абылайхан СӘРСЕН.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close