Басты бетЖаңалықтарҚоғам

«Ауыл – ел бесігі» экспедициясы Таласта

Жыл сайын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық газеті «Ауыл» атты экспедициясын ұйымдастырып келеді.

Экспедицияның басты мақсаты – еліміздің әр облыс, ауданын аралап, ауыл тұрғындарымен кездесу, өңірдегі көкейкесті өзекті мәселелерді тыңдап, мемлекет назарына ұсыну, одан бөлек аймақтағы болып жатқан жаңалықтарды, жеткен жетістіктерді көпшілікке жеткізу.
Биыл бұл игі іс-шара «Ауылел бесігі» жобасы аясында өз жалғасын тауып, ат басын ауданымызға бұрды. «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің директоры-бас редакторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Елана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының басшысы Сәуле Мешітбайқызы бастаған ұжым аудан әкімшілігіне келіп, аймақ басшысы Д.Алиев пен салалық орынбасарларымен әңгімелесті.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында бастау алған кездесуде аудан әкімінің орынбасары Кадірбек Садубаев және тиісті бөлім басшылары қатысты. Сәуле Мешітбайқызы өзінің өмірі жайында әңгімелей келе, алдыңғы «Қазақстан-Заман» газетінің тарихы мен қоғамда алар орны туралы баяндады.

Кездесу «Лицей» мектебінде жалғасын тауып, мектеп ұстаздарымен еркін форматта жиын өтті. Онда ұстаздардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, Сәуле Мешітбайқызы жас оқырмандар арасындағы ақындар мен суретшілерді өз туындыларын газет пен журналға жолдап тұруға шақырды. Бастауыш мұғалімі З.Алпысбаева «Мөлдір бұлақ» журналына оқушылар қызығатынын, қажетті дүненің көп екенін білдірді. Бұдан кейін қонақтар аудан орталығы Қаратау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан «Әдемі» шаруа қожалығына ат басын бұрып, атқарылып жатқан жұмысымен танысты. Мал шаруашылығымен айналысатын 3000-нан астам мал саны бар бұл шаруашылықта табыс жылдан жылға артып келеді. 2005 жылы құрылған «Әдемі» шаруа қожалығы, қазіргі таңда отбасылық кәсіпке айналып отыр. Отбасының қариясы Жамалбек атамен сұқбаттасқан Сәуле Мешітбайқызы шаруа қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Өз кезегінде Жамалбек қария аудан орталығында сүт зауытының соғылуының қажеттілігін айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close