Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Жамбыл облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жамбыл облысында 5772 отбасы қатысқан «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Облыс әкімдігінің білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бірігіп ұйымдастыруымен өткен шара парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында өткен болатын.

Байқаудың аудандық, қалалық кезеңіне 5772 отбасы қатысып, үкіметтік емес ұйымдар, Нұр-Отан партиясы, ардагер ұстаздар мен қоғам қайраткерлерінен құрылған байқаудың қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Ал, Тараз қалалық Мәдениет үйінде өткен «Парасатты отбасы» байқауының облыстық кезеңіне 67 отбасы қатысып, өзара бақ сынады.

Сонымен тартысты өткен байқауда Жамбыл ауданынан қатысқан Сабырбековтер отбасы жеңіске жетіп, «Парасатты отбасы» атанды. Өзге де қатысушылар арасынан он номинация бойынша үздік отбасылар марапатталды. Оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close