Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Қыздар сұлу көрінер өнерімен

21 қарашада Жуалыда қолөнер шеберлерінің аудандық байқауы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында өткен байқауды аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастырғанын айта кеткеніміз жөн. «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» тақырыбындағы әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен оқушы қыздар арасындағы аудандық қолөнер шеберлерінің байқауы №1 Өнер мектебінде өткен болатын.

Барлығы екі кезеңнен тұрған жарыста қатысушылар «Ұлттық өнер – асыл қазына» атты бірінші кезеңде үй тапсырмасы ретінде өздері әзірлеп келген екі бұйымды таныстырып өтті. Ал «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат» тақырыбындағы екінші кезеңде үміткерлер рухани жаңғыру мақаласы аясында өздерінің шеберлігін қазылар алқасының алдында көрсетуі керек болды. Осылайша, қатысушылар өздеріне берілген 50 минуттың ішінде сол жерде қолөнер бұйымын әзірлеп, оны қазылар алқасына таныстырып, қорғап шықты.

Осылайша, қолөнер бағытындағы дарынды балаларды анықтап, үздік жұмыстарын мадақтау арқылы оларды ұлттық тәрбиемен сусындатып, мәдениетке баулу, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру мақсатында өткен байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінен З.Мамедова жеңіп алса, екінші орынды №1 мектеп гимназиясынан К.Кононенко мен №25 Ақтөбе тірек мектебінен А.Новикова иеленіп, үшінші орынға Т.Тастандиев орта мектебінен Д.Рахманбердиева мен А.Косякова тұрақтады. Сондай-ақ, арнайы әзірленген «Ең үздік қолөнер шебері» номинациясымен №10 Күреңбел орта мектебінен М.Кошкина марапатталса, «Ең үздік ұлттық қолөнер шебері» номинациясын №1 мектеп гимназиясынан С.Мамедова жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close