Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жуалыда құрылыс жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Жуалы ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған биылғы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар дәлел.

Мәселен, Б.Момышұлы ауылындағы Көктөбе жаңа тұрғын алқабына инфрақұрылым нысандарының құрылысы, яғни электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдары бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «Талас-Құрылыс» ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Қыркүйек айында келісімшарт рәсімделіп, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет, құрылыс басқармасынан құрылыс монтаж жұмыстарын атқаруға арнайы талон алынып, жұмыс басталған. Биыл тамыз айында пайдалануға берілген нысан былтырғы жылдан 2019 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, Қошмамбетов мектебіне қазандығымен бірге қосымша спортзал құрылысы «Экспертиза ПРО» ЖШС арқылы сараптамадан өтіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «Тараз Құрылыс-Инвест» ЖШС жеңімпаз болып табылды. Жұмыстар мамыр айының ІІ жартысында басталып, нысанның сыртқы жүйелері жобада қарастырылмауына байланысты шешімі табылғанға дейін құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға тоқталар болсақ, биылғы жылдың тоғыз айында «Теріс» тұрғын алқабының, «Қосбөлтек» тұрғын алқабының, «Нұрлыкент» тұрғын алқабының құрылыс-монтаж жұмыстарын ашық конкурс нәтижесімен «ЕрК Астана» ЖШС жеңіп алып, құрылыс жұмыстары мамыр айының екінші жартысында басталған. Келісімшарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімін биылғы жылдың 15 шілдесінде аяқтау жоспарланған. Алайда мердігер келісімшарт бойынша мерзімінде аяқтай алмауына байланысты, Жамбыл облысы бойынша ауданаралық экономикалық сотқа жозықсыз мердігер ретінде тануға және айппұл төлету өндіру мақсатында берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close