Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жуалы ауданында 8 медпункт салынуда

Жуалы ауданында Қарасаз ауылының су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша алынған мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Бұл құрылысқа республикалық бюджеттен 2019 жылға тиісті қаржы бөлінген. Сметалық құны – 616,29 миллион теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «КДСМ» ЖШС жеңімпаз болып табылды. Жұмыстар мамыр айының бірінші жартысында басталып, су жинау ғимаратының орнын дайырлау және жол бойында су құбыры желісін тарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.

Сонымен қатар, Жуалы ауданында жекеменшік әріптестік негізінде салынатын нысандарға тоқталатын болсақ, бұл бағытта да бірқатар жұмыстар атқарылғанын байқауға болады. Мәселен, Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен 2019 жылға медицина саласы бойынша Жуалы ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ауданда 8 медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде.Атап айтқанда Майбұлақ, Қарасу, Қосбөлтек, Ақтасты ауылдарында 5 келушіге арналған медициналық пункт және Т.Дүйсебайұлы ауылында 10 келушіге арналған фельшерлік-акушерлік пункт нысаны бойынша «АКМ ГРОУП» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап, тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізуде. Ал Теріс-Ащыбұлақ, Кәріқорған, Қаратас ауылдарындағы медициналық пункт нысандарына келер болсақ, «Түркістан құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап, тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізуде.

Жалпы, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 3 543,3 миллион теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 74,8 пайызға орындалды. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 4 015,4 миллион теңгені құрады, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,9 пайызға орындалды. Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы алаңы 8 906 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,3 пайызға орындалып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close