Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сарысуда спортты дамыту – басты назарда

Сарысу ауданында биыл 180 бұқаралық спорттық іс-шара өтті. Оның ішінде 75 іс-шара ауылдық жерлерде ұйымдастырылған. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі 2019 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар туралы мәліметке сүйеніп хабарлайды. Жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан бұл іс-шараларға 11210 адам, оның ішінде ауылдық округтерден 5550 адам қатысқан.

Жалпы, бұқаралық спортты дамыту бағытында 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша алынған мәліметтерге сүйенсек, ауданда өткізілген спорттық іс-шаралар аз емес. Мәселен, жыл басынан бері ұлттық спорт түрлерінен өткізілген іс-шаралар саны 27 болса, оның 19 іс-шарасы ауылдық аймақтарда ұйымдастырылып, барлығы 1500 адам, ал оның ішінде 1110 адам ауылдық округтерде өткен спорттық шараларға қатысқан екен. Ал кешенді спорттық іс-шараларға, спартакиадаларға келер болсақ, биылғы жылдың тоғыз айында  барлығы 1200 адамның қатысуымен тоғыз спорттық шара ұйымдастырылып, өткізілді. Бұдан бөлек жоғарыда айтып өткеніміздей 11210 адамның қатысуымен 180 бұқаралық спорттық іс-шара өткізілген. Бұның барлығы Сарысу ауданында көптеген спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп тұратынын аңғартса керек. Негізінен біз келтіріп отырған мәліметтер биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстарға байланысты алынып отыр. Бұдан бөлек соңғы уақытта, яғни қазан, қараша айларында да көптеген іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде Жайылмадағы жарыс, Қазфосфаттың 20 жылдығына арналған марафон, Жаңатас қаласында өткен бірнеше облыстық турнирлер мен бірнеше республикалық турнирлер бар. Сонымен қатар, республикалық, халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып жатқан сарысулық спортшылар да аз емес. Міне, осындай ауқымды шаралар мен атқарылып жатқан жұмыстарға қарап, Сарысуда спортты дамыту – басты назарда деп нық сеніммен айтуға болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close