Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сарысулықтарға 176 спорт нысаны қызмет етеді

Сарысу ауданында спортпен шұғылданам деген адамға барлық жағдай жасалған. Оған осы аудандағы спорттық нысандардың көптігі мен атқарылып жатқан жұмыстар дәлел.

Мәселен, спорттық нысандар туралы айтар болсақ, ауданда ауыз толтырып айтар мәліметтер жетерлік. Жалпы Сарысу ауданында 176 спорт нысаны бар болса, оның ішінде Жаңатас қаласында 1 жекеменшік стадион, Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 1 спорт кешені, одан бөлек 106 спорт алаңшасы спортсүйер тұрғындар мен спортшыларға қызмет етуде. Оның ішінде 32-і Жаңатас қаласында. Сондай-ақ, 25 футбол алаңы бар болса, оның ішінде алтауы Жаңатас қаласында орналасқан. 30 спорт залдың он екісі Жаңатас қаласында болса, орнатылған спорт зал саны – 13 екен, оның ішінде төртеуі Жаңатас қаласында.

ІІІ-ші тоқсан бойынша салынған нысандарға, спорт алаңашаларына келсек, олардың саны – 4. Айта кетер болсақ, Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар» аллеясында 1 стритворкаут алаңшасы; Тоғызкент ауылында 1 көше тренажерлар алаңшасы; Жаңатас қаласындағы бокс мектебінің алаңында 1 кіші футбол алаңшасы мен 1 стритворкаут алаңшасы бар. Осылайша, спорттық нысандар Сарысу ауданында аз емес екеніне көз жеткізуге болады. Ал оның жергілікті халыққа қолжетімділігі туралы айтар болсақ, бұл бағытта да аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп, жоғарыда көрсетілген нысандардың ішінен тұрғындарды қабылдау мүмкіндігіне қарай 176 спорт нысаны белгіленген. Оларда аудан тұрғындары тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін кесте жасалды. Соның ішінде Жаңатас қаласы бойынша – 56, ауылдық округтерде – 120 нысан қарастырылған. Осы нысандарда тұрғындардың шұғылдану кестесі аудандық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады. Яғни, қай спорттық нысанда қай кезде барып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар екенінен аудан халқы хабардар. Бір сөзбен айтқанда, ауданда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close