Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Әсемдік студиясында мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетілуде

Бүгін Жуалы ауданының орталығы Б.Момышұлы ауылындағы «Алиева Қаламқас» әсемдік студиясында мүмкіндігі шектеулі жандарға 1 күндік тегін қызмет көрсету акциясы өтуде. Аталмыш акция аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, тұрмысы төмен отбасыларының мүшелеріне тырнақ әрлеу, кірпік өсіру, бояндыру, шаш қию сынды барлық қызметтер тегін көрсетілуде.

Қайырымдылық шарасына «Інжу» аэродизайн орталығының басшысы Ақбота Ақшекеева да атсалысып, студияны безендіру жұмыстары бойынша өз қызметін ұсынды. Ал қайырымдылық шарасына Б.Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары Затыбек Пашенов пен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мейіржан Телеушов қатысып, акцияның маңыздылығы мен артықшылығына тоқталған қонақтар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close