Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында оқушы қыз асылып қайтыс болды

Жамбыл облысында 11-сынып оқушысы асылып қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Ағымдағы жылдың 30 қарашасында, сағат 17.30-да Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне өз үйінің сарайынан 11-сынып оқушысы, 16 жастағы қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген ведомство мәліметінде. Осы жағдайға байланысты аудандық бiлiм бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қызметінен босатылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close