Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жаңатаста 70 отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына және Тұңғыш Президент күніне орай Жаңатас қаласында коммуналдық көпқабатты тұрғын үйден коммуналдық меншіктегі пәтер алу кезегінде тұрған 70 көпбалалы ана жатаханамен, яғни баспанамен қамтылды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Қоныс тойдың салтанатты жиынында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек сөз сөйлеп, пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтады.

«Бүгінгі таңда, Жаңатас қаласында коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1958 азамат тізімде тұр. Жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп келеді. Осыған сәйкес, тұрғын үй кезегіндегі тұрғындар саны да арта түсуде. Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Жыл сайын бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіріп, ел игілігіне беру жұмыстары жалғасатын болады. Жыл соңына дейін 1 шағынаудандағы 120 пәтерлі тағы бір көпқабатты үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Жаңа құрылыстар қала келбетін жақсартып, ажарына ажар қосумен қатар, көптеген отбасының баспаналы болуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Міне, соның дәлелі ретінде ұзақ жылдар кезекте тұрған азаматтар бүгін жаңа баспанаға ие болып отыр. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, белгіленген құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсынған «Корпорация Ақорда» ұжымына және жалпы ат салысқан барша азаматтарға алғыс білдіремін», – деді аудан басшысы. Ал пәтер кілтін жаңа иелеріне аудан қариялары табыс етті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close