Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сарысулық спортшылардың қоржынында 316 медаль

Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде жоғары жетістіктерге де қол жеткізді.

Мәселен, 9 ай аралығында спорт түрлерінен Сарысу ауданы құрама командасы бірқатар жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленгенін айтып өткеніміз жөн. Атап айтқанда халықаралық(чемпионат, турнир) жарыстардан 5 алтын, 2 күміс, 7 қола, барлығы 14 медальмен,республикалық (чемпионат, бірінішілік, турнир) жарыстардан 13 алтын, 18 күміс, 26 қола, барлығы 57 медальмен, облыстық (чемпионат, бірінішілік, турнир) жарыстардан 39 алтын, 54 күміс, 152 қола, барлығы 245 медальмен, ал жалпы барлығын қоса есептегенде 316 медальмен оралған. Бұл, бір жағынан аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің тынымсыз еңбегі мен қажырлы жұмысының жемісі болса, бір жағынан сарысулық спортшылардың ерік-жігер, қайратының, спорттық жарыстарға қызу дайындығының, өздерінің спорттық әлеуетінің арқасында жеткен жетістік деуге болады.

Жалпы, «Тәні саудың – жаны сау» демекші, ауданда жергілікті халықты бұқаралық спортпен айналысуға тарту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Ел болашағы – дені сау ұлт болуы керек десек, спорт саласына ерекше көңіл бөлінуі заңдылық. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салауатты өмір салтына қатысты ұстанымы өз жемісін бергенін көреміз. Яғни бүгінде спортшыларымыз халықаралық ареналарда үлкен табыстарға жетіп жүргені осыны айғақтаса керек. Оның ішінде жоғарыда айтып өткен Сарысу ауданының спортшылары да бар. Олардың жеткен әр жетістігі біз үшін жеңіс. Олар еліміздің әлемдік аренада танылуына үлес қосып жүрген тарландар. Еліміздің болашағы осындай азаматтардың қолында. Сол себепті де, спортқа барынша көңіл бөліп, спортшыларға үлкен қолдау көрсетудің маңыздылығы зор. Ал бұл тұрғыдан алғанда Сарысу ауданы үлгі алуға тұрарлық деуге болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close