Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі талқыланды

Жуырда Жуалы ауданында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау – ардың ісі» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай аудандық орталық аурухананың «Профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету» бөлімінде өткен жиынға аудан орталығына жақын орналасқан мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, осы мәселеге тікелей жауапты құзырлы органдардың жауапты мамандары қатысты.

Шараны аудандық орталық аурухананың «Профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету» бөлімінің психологы Айгүл Дәрібаева жүргізді. Алдымен қатысушылар тақырыпқа орай арнайы әзірленген бейнероликті көрді. Бұдан кейін қатысушылар аталмыш мәселеге қатысты өздерінің пікірлерін ортаға салды. Мәселен, аудандық іскер әйелдер ұйымының төрайымы Әсима Шекеева мен «Жуалы Қанағат» қоғамдық қорының төрайымы Ұлтуған Бекмұханова әйелдердің отбасындағы ролі, үйдің берекесін сақтаудағы және қоғамдағы алар орны туралы, бала тәрбиесі, сондай-ақ, жастарға өмір сынақтарына төзе білуге, кеткен кемшіліктер мен қателіктерді жоюдың жолын қарастыру керектігі жөнінде айтып, әйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатындағы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, жиын барысында Жуалы АПБ-нің ЖПҚБ ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы, полиция майоры Асылбек Мандиров пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы да сөз сөйлеп, осы мәселеге қатысты ойларын жеткізсе, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, атап айтқанда, №15 мектеп-лицейі, №1 мектеп-гимназия, №29 орта мектеп, №2 Мыңбұлақ орта мектебі, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия, №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директорларының орынбасарлары мектепте атқарылып жатқан жұмыстарды, тәрбие саласындағы үдерістерді атап айтып, ұсыныстарын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close