Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сарысуда жастардың 48 пайызы спортпен шұғылданады

Сарысу ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 10159. Оның ішінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы жастар саны – 4890, яғни 48,1 пайызды құрайды. Бұл биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша алынған мәлімет. Ал жалпы аудан халқын алатын болсақ, 2019 жылдың 9 айы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы тұрғындар саны 13131 адамды, яғни 29,7 пайызды құрады.

Орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесі желісі бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының 15-тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан көлемінде біраз жұмыстар атқарылуда. Өткен оқу жылында 169 мектептен тыс спорт секциялары тіркеліп, Балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту өз деңгейінде жүзеге асырылды.

2019 жылдың 9 айы бойынша жалпы аудан мектептерінде оқушылар саны 8879 баланы құрады. Оның ішінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар саны – 7920. Осы оқушылардың ішіндегі спорт мектептерінде  дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатыны 2531 баланы немесе 31,9 пайызды құрайды. Ал спорт мектептері бойынша айтар болсақ, Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны – 5. Барлық балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқушылар саны – 2477. Ауданда түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіліп тұрады. Оның ішінде спорттың 16 түрі қамтылған. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, бокс, каратэ-до, дзю-до, грек-рим, самбо, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, джуи джитсу. Аталмыш спорт түрлерінен ауданда тұрақты түрде жарыстар өткізіліп тұрады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close