Басты бетЖаңалықтарСпорт

Жастарды спортқа баулу – ұлт денсаулығының кепілі

Спорт – денсаулық кепілі екені барлығымызға белгілі. Ал жастар – жарқын болашағымыз десек, жас ұрпақты спортқа баулудың артықшылығы айқын бола түспек.

Сондықтан осы тұрғыда атқарылатын жұмыстарды жандандырып, барынша қолдау көрсету қажеттілігі анық. Біздің болашағымыз деп сенім артып, үміт күткен жастарымыздың денсаулығы мықты болып, салауатты өмір салтын ұстануы құптарлық іс болғандықтан олар да осыны сезініп, ынта білдіруі керек-ақ. Ал жастар спортқа ден қойып, қызығушылық танытатын болса, олар өздеріне көрсетіліп жатқан қолдау мен спорттың қаншалықты қолжетімді екенін сезінетін еді. Негізінен, біздің елде бұл тұрғыдан алғанда барлық жағдай жасалған, өз деңгейінде мүмкіндіктер қарастырылған деп нық сеніммен айта аламыз. Мәселен, Сарысу ауданын алатын болсақ, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. Сондай-ақ, өткен оқу жылында 169 мектептен тыс спорт секциялары тіркелген. Жалпы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданамын деген кез келген балаға есік ашық. Яғни, балалар мен жасөспірімдерге спорттық нысандардың қолжетімділігі тұрғысынан алғанда барлығы өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі деңгейдегі жарыстар мен турнирлер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ол туралы бұған дейін де жазғанбыз. Алдағы уақытта да хабардар етіп тұратын боламыз. Ал әзірше, жастарды спортқа баулудың артықшылығы мен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып отырмыз. Жалпы, біздің елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысуға барлық мүмкіншіліктер мен жағдай жасалған. Сондықтан, жастарымыз бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға барынша көңіл бөлетін болса, еліміздің болашағы мықты ұрпақтың қолында болар еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close