Басты бетЖаңалықтарСаясат

Кадрлық резерв – уақыт талабы

Жуырда «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы партия активінің жиналысы өтті. Өлкетану музейінде өткен жиынға партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев, партия аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, Партиялық бақылау комиссиясы, филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен партияның кадрлық резервіне кандидаттар қатысты. Жиналысты аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нарбай Ергебеков ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе – 2019 жылдың 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның аймақтық филиал өкілдерімен басқосуында берген тапсырмаларының іске асырылу барысы мен туындайтын міндеттері туралы және партияның кадрлық резервіне іріктеу пилоттық жобасының қорытындысы туралы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова баяндама жасады. Бұдан кейін аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Ерғали Тілеубеков, «Орталық бастауыш партия ұйымының төрағасы, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры Руслан Сайлаубаев, «Бауыржан Момышұлы» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №1 мектеп-гимназияның директоры Элмира Әбішева сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Жанбекұлы да өз кезегінде пікірін білдіріп, партия жұмысына атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, жиын соңынан партияның аудандық филиалының төрағасы Нарбай Әбілқасымұлының кеудесіне партияның белгісін тақты. Нарбай Әбілқасымұлы әрі қарай партияның аудандық филиалы депутаттық фракциясының мүшелеріне, үздік бастауыш партия ұйымының төрағаларына партия белгісін салтанатты жағдайда тақты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close