Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Шымкентте 78 отбасы қайта татуласып, ажырасудан бас тартқан

Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде есеп берген Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев 78 отбасыға діни кеңес берілгенін атап өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар қайта татуласып, ажырасу туралы шешімдерінен бас тартқан.

«Мешіт жанынан «Діни, рухани кеңес беру», «Ана мен бала» бөлмелерін аштық. 91 отбасымен жеке кездесу өтіп, 310 сұраққа жауап берілді. Жұмыс нәтижесінде 78 отбасы қайта татуласып, ажырасу туралы шешімдерінен бас тартты. Мешітімізде call center жұмыс істейді. Телеграмм желісі ашылып, онда 9 дін қызметкері сұрақтарға жауап береді. Телеграмм желісіне 1460 адам тіркелген. Тек соңғы екі ай көлемінде 1575 сұраққа жауап берілді» дейді Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close