Басты бетЖаңалықтарЭкономика

Ауыл шаруашылығы – табысты сала

Аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлшегі. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде Жуалы ауданының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 36 020,2 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,7 пайызға артып отыр.

    Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 20,8%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 60,7%, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,8%, сауда айналымы 8,7%-ды құрады.

    Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 21 млрд. 866,2 млн. теңгені құрады немесе нақты көлем индексі 101,3 пайызды құрады. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 213 152 га, оның ішінде 97 315 га егістік жер, суармалысы 8 708 га, шабындық жерлер мен жайылым жерлер 112 580 га.

Егін шаруашылығына келсек, масақты дәнді дақылдар барлығы 35 524 га, орылғаны 35 524 га (100%), орташа өнімділігі 23,3 ц/га, алынған өнім 82 770 тонна, оның ішінде жаздық арпа 25 909 га, орташа өнімділігі 23,1 ц/га, жалпы түсімі 59 904 тонна, күздік бидай  9615 га, орташа өнімділігі 23,8 ц/га, жалпы түсімі 22 866 тонна.

         Күзгі дала жұмыстары бойынша, 2020 жылдың өнімі үшін күздік бидай  егу 11000 га жоспарланса, есепті кезеңде себілгені 5860 га (53,0 пайыз). Сонымен қатар, орылатынмайлы дақылдар 20 845 га, жиналғаны 20 845 га, орташа өнімділігі 8,7 ц/га, жалпы өнім 18 131 тонна (100 пайыз), картоп 2 543 га, жиналғаны 2543 га, орташа өнімділігі 240 ц/га, жалпы өнім 61 032 тонна (100 пайыз), көкөніс 660 га, жиналғаны 660 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, жалпы өнім 16170 тонна (100 пайыз),  қант қызылшасы 102 га,  дәндік жүгері 303 га, жиналғаны 303 га, орташа өнімділігі 55 ц/га,   жиналған өнім  1666 тонна  (100 пайыз) және  мал азығы сүрлемдік жүгері 735 га, жиналғаны 735 га, бастырылғаны 12 080 тонна (100,0 пайыз).   

 Мал азығыбойыншапішен дайындау жоспары 144 843 тонна, нақты дайындалғаны 146 320 тонна (101 пайыз), 11020 тонна пішендеме, сабан 14 240 тонна дайындалды.

Техника: 2019 жылдың есепті мерзіміне жалпы құны 297,4 млн. теңгеге барлығы 54 ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде 33 жаңа МТЗ тракторлары, 1 погрузчик, 20 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері сатып алынды.

 Мал шаруашылығы: 2019 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 44 835, қой-ешкі 224 628, жылқы 10 226, шошқа 479, құстар 124 297. Мал басы 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2,4 пайызға, қой мен ешкі 3,6 пайызға, жылқы 4,1 пайызға, құстар 1,0 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері бойынша 2019 жылдың 1 қазанына ет өндіру тірі салмақпен 9 708,0 тн., сүт өндіру 37 486,0 тн., жұмыртқа 7 142,8 мың дана өнім алып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,5 пайызға, сүт өнімі 1,7 пайызға, жұмыртқа 2,1 пайызға артты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close