Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жаңа жылдан бастап жаңа жәрдемақы тағайындалады

2020 жылдан бастап 340 мыңнан астам отбасына жаңа жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрдемақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады», – деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Оның сөзіне қарағанда, отбасындағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін сараланған мөлшерде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгіленетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close