Басты бетЖаңалықтарСпорт

Салауатты өмір салтын насихаттау – маңызды міндет

Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша алынған мәліметке сүйенсек, Сарысу ауданында жергілікті халықтың 29,7 пайызы, ал 14-29 жас аралығындағы жастардың 48,1 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

Ал ел көлемінде алатын болсақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша халықтың 29,8 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысатыны белгілі болған. Бұл шамамен 5,5 миллион адам екен. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өзінің бір сұқбатында айтқан еді. Ол, сондай-ақ, «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында жас ерекшеліктеріне қарамастан, бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамыту қажет екендігін де айтты. Бұл өте маңызды міндет деп айтар едім» деген болатын.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында республика бойынша 2,7 миллионнан астам адамды қамтыған 27 мыңнан астам спорттық іс-шара өткізіліпті. «Оның ішінде 1,1 миллионнан астам адамды қамтитын 16 мыңнан астам спорттық іс-шара ауылды жерлерде ұйымдастырылды», – деді ол. Серік Сәпиев сондай-ақ, Президенттің өз Жолдауында спорт инфрақұрылымын дамытып, балалар және жасөспірімдер спортына басымдық беру туралы тапсырмасы орындалатынын айтып өтті. «Халық арасында бұқаралық спортты дамытып, кеңінен насихаттау үшін спортқа деген қызығушылықты ерте жастан бастап ояту қажет. Балалар мен жастарды спортқа баулу – ұлт денсаулығының кепілі. Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған статистикасына сәйкес, елімізде мектеп жасындағы балалардың қатарында 1,8 миллион бала дене шынықтыру және спортпен айналысады. Халықтың спортпен жаппай шұғылдануы үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту қажет. Елімізде 11,1 мың дене шынықтыру және спорт нысаны бар. Алайда бұл халықтың спорттық нысандарға деген қажеттілігін жабуға аздық етеді. Бүгін де біз 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу тапсырмасын орындаудамыз», – деді ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close