Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Сарысулық шаруаларды ит-құстың көбейіп кетуі алаңдатады

Сарысу ауданының қыстаудағы шаруаларын ит-құстың көбейіп кетуі алаңдатады. Бір шаруадан жылдың басынан бері ірілі-ұсақты 11 мал шығын болған. Бұл туралы Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазады.

«Алдыңғы демалыста, яғни, 30 қараша күні Жайылма, Игілік, Жаңаталап ауылдық округтеріне қарасты 25 шаруашылық, осы демалыс күні Жайылма, Досбол ауылдық округтеріне қарасты 22 шаруашылық, барлығы 47 шаруашылықтың қыстаулары араланып зерделенді.
47 шаруашылықта 1979 мүйізді ірі қара, 16211 уақ мал, 1037 жылқы, 730 түйе қысқа түскен. Малдың қоңы жақсы. Кей жерлерде жантақ пен изен қалың. Шаруашылықтар қысқа қажетті мал азығымен (жем-шөппен) қамтылған.

Шаруаларды алаңдатып отырған мәселе – ит-құстың көбейіп кетуі.
Бір шаруадан жылдың басынан бері ірілі-ұсақты 11 мал шығын болған. Күн суытқалы тай-тулақты қойып, ту биелер жем болып жатыр. Заң талаптарына сай тиімді жоспар құру қажет. Малдан бұрын адамға қауіпті болуы мүмкін.
Жалпы аудан бойынша 168 шаруа малымен елді мекендерден тыс жерлерде отыр», – делінген жазбада.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close